2018 жылы шілде айының 20-сы күні "МО желкенді спорты бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің" ұйымдастыруымен Ақтау қаласы, 1ш/а Ақбота паркінде "Спорт -денсаулық кепілі" атты таңғы жаттығу өткізілді. Шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту.

Аталған шараға 100-ден астам спорт мектебіміздің оқушылары, жаттықтырушылары және мекеме қызметкерлерімен қала тұрғындары қатысты. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.